Коронавирус: 78 науқастың жағдайы аса ауыр

21.08.2020 16:43

Олардың арасында 62 өскіншек бала бар

inform.kz

Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 14 670 адам ем қабылдауды жалғастыруда.  Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп  хабарлайды Almaty.tv.

Олардың арасында 62 өскіншек бала бар. Стационарларда 6 339 науқас жатыр. 8 331 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 355 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 78 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 49 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, делінген хабарламада.