Ақтөбеде үш айлық сәбиден коронавирус анықталды

elements.envato.com
elements.envato.com
Облыста коронавирус жұқтырудың 3244 жағдайы тіркелді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Өткен тәулікте Ақтөбеде 2 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Оның біреуі үш айлық сәби, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Баланың анасы жедел респираторлы вирустық инфекция белгілеріне байланысты дәрігердің көмегіне жүгінген. ПТР зерттеулерінің қорытындысы бойынша нәрестеге COVID-19 диагнозы қойылған. Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар медициналық бақылауға алынды. Профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралар жалғасады», – деді облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі. 

Айта кетейік, облыста коронавирус жұқтырудың 3244 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 48,9% ауру белгілерімен және 51,1% симптомсыз. Науқастардың 97,7 жазылып шықты. Қазіргі таңда үй карантиніне 51 адам алынып, оларға медициналық бақылау көрсетілуде.

Новости партнеров