Коронавирус: Қазақстанда төрт облыс әлі де «қызыл» аймақта тұр

28.12.2020 16:47

Қалған өңірлердің бәрі «жасыл» аймақта тұр

ҚазАқпарат


Ал елде тағы 733 адамнан коронавирус анықталды. Осылайша Қазақстан аумағында індетке шалдыққандардың жалпы саны 150 мыңнан асты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Өткен тәулікте 10 науқас кеселдің кесірінен көз жұмған. Аурудың құрбаны болғандардың көрсеткіші 2 мың 259-ға жетті. Ал, елімізде төрт облыс әлі де«қызыл»аймақта қалып отыр. 

Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының мәліметіне сәйкес, «қызыл» аймақтан әлі де Атырау, Қостанай, Ақмола және Павлодар облысы шыққан жоқ. Сонымен қатар «сары» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Солтүстік Қазақстан облысы бар. Қалған өңірлердің бәрі әзірге «жасыл» аймақта.