ДДСҰ: Еуропада пандемия аяқталуы мүмкін
©REUTERS
Аймақтық бюро директорының айтуынша, Еуропада "омикронның" күрт өсуі басылғаннан кейін біраз уақыт жаһандық иммунитет болады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Коронавирустың "омикрон" штамы Еуропадағы COVID-19 пандемиясын тоқтатуы мүмкін екенін мәлімдеді ДДСҰ-ның Еуропадағы аймақтық директоры Ханс Клюге, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
"Еуропа пандемияның соңғы кезеңіне жақындап қалған болуы мүмкін", – деді Клюге.
Аймақтық бюро директорының айтуынша, Еуропада "омикронның" күрт өсуі басылғаннан кейін біраз уақыт жаһандық иммунитет болады. Ол иммунитет вакцина арқылы немесе маусымдық ерекшеліктерге байланысты қалыптасады.
"Біз COVID-19 қайта оралғанға дейін тыныштық кезеңін күтеміз, бірақ бұл пандемия толықтай аяқталды дегенді білдірмейді.
Бұл вирус бізді бірнеше рет таңғалдырды, сондықтан өте сақ болуымыз керек", – деді ол.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
05.10.2026 12:35