ДДСҰ: Еуропада пандемия аяқталуы мүмкін

24.01.2022 16:48

Аймақтық бюро директорының айтуынша, Еуропада "омикронның" күрт өсуі басылғаннан кейін біраз уақыт жаһандық иммунитет болады

©REUTERS

Коронавирустың "омикрон" штамы Еуропадағы COVID-19 пандемиясын тоқтатуы мүмкін екенін мәлімдеді ДДСҰ-ның Еуропадағы аймақтық директоры Ханс Клюге, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Еуропа пандемияның соңғы кезеңіне жақындап қалған болуы мүмкін", – деді Клюге.

Аймақтық бюро директорының айтуынша, Еуропада "омикронның" күрт өсуі басылғаннан кейін біраз уақыт жаһандық иммунитет болады. Ол иммунитет вакцина арқылы немесе маусымдық ерекшеліктерге байланысты қалыптасады.

"Біз COVID-19 қайта оралғанға дейін тыныштық кезеңін күтеміз, бірақ бұл пандемия толықтай аяқталды дегенді білдірмейді.

Бұл вирус бізді бірнеше рет таңғалдырды, сондықтан өте сақ болуымыз керек", – деді ол.