Олардың арасында 1001 бал бар
Қазақстанда коронавирустан 14 210 адам емделіп жатыр. Олардың арасында 1001 бал бар, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.
Министрлік таратқан мәліметтерге қарағанда, осы уақытта еліміздегі стационарларда 3 803 науқас жатыр, 10 427 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
«Жалпы науқастардың арасында 246 адамның денсаулық жағдай нашар. Соның ішінде 31 науқастың денсаулық жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр, 36 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр»,– делінген хабарламада.