Коронавирустан емделіп жатқан 709 адамның жағдайы ауыр

08.07.2021 16:48

161 пациенттің жағдайы өте ауыр

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда 8 шілдедегі мәлімет бойынша, 35 554 адам коронавирус инфекциясынан (–34 265 + және 1289 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналындағы мәліметтерге қарағғанда, емделіп жатқандардың арасында 10 940 пациент стационарда, 24 614 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 

• 709 адамның жағдайы ауыр, 

• 161 пациенттің жағдайы өте ауыр, 

• 91 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.