Маңғыстауда қайтыс болған әскери қызметкердің 2 баласынан COVID-19 анықталды

Фото: ашық дереккөзден/открытые источники
Фото: ашық дереккөзден/открытые источники
Өңірде барлығы 26 адамнан COVID-19 вирусы тіркелді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

25 сәуір күні Маңғыстау облысында COVID-19 жұқтырған 6 адам тіркелді. Барлығы да осыған дейін тіркелген науқастармен байланыста болған, провизорлық тексерісте жатқан азаматтар.

Алтауынан да алынған сынама ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы нақтыланды. Бұл туралы Маңғыстау облысының Қоғамдық коммуникация орталығы мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бірінші науқас – күні кеше жаман аурудан қайтыс болған әскери қызметкердің 1990 жылы туған әріптесі. Ол тұратын 22 шағынаудандағы үй подъезі карантинге жабылды.

«Екінші, үшінші науқас – кеше вирустан қайтыс болған әскери қызметкердің 2006 және 2007 жылы туған екі баласы», - делінген хабарламада.

Төртінші, бесінші науқас – осыған дейін тіркелген полиция қызметкерлерімен байланыста болған 1996, 1997 жылы туған тәртіп сақшылары. Олар тұратын Ақтаудағы 17 және 26 шағынаудандағы үй подъездері карантинге жабылды.

Алтыншы науқас – осыған дейін тіркелген полиция қызметкерінің әйелі. Бұл мекенжай осыған дейін карантинге жабылып, дезинфекцияланған болатын.

Науқастармен байланыста болған барлық тұлға карантинге алынды. Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда.

Айта кетсек, қазіргі таңда өңірде барлығы 26 адамнан COVID-19 вирусы тіркелді:

Ақтауда – 15
Жаңаөзенде – 4
Маңғыстау ауданында – 4
Мұнайлы ауданында – 3
Жазылып шыққаны – 4
Қайтыс болған – 1.

Ауырғандардың контингенті бойынша: медицина қызметкерлері – 1 жағдай, полиция қызметкерлері – 5 адам, әскери қызметкерлер – 2 жағдай, зейнеткерлер – 2 жағдай және жұмыссыздар – 14 адам, балалар – 2.

Новости партнеров