Коронавирус: төрт өңір «жасыл» аймақта

03.10.2021 16:50

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары

inform.kz

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы 3 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.

«Сары» аймақта: Шымкент қаласы, Атырау, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары.

«Жасыл» аймақта: Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда облыстары.