Алматыда өткен тәулікте 74 адам COVID-19 жұқтырды

03.01.2022 16:50

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 989 143

kyzylorda-news.kz

Қазақстанда өткен тәулікте 373 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ресми дереккөзге сілтеме жасап.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 70, Алматы қаласы - 74, Шымкент қаласы - 17, Ақмола облысы - 42, Ақтөбе облысы - 5, Алматы облысы - 6, Атырау облысы - 12, Шығыс Қазақстан облысы - 6, Жамбыл облысы - 5, Батыс Қазақстан облысы - 2, Қарағанды облысы - 47, Қостанай облысы - 7, Қызылорда облысы - 4, Маңғыстау облысы - 3, Павлодар облысы - 33, Солтүстік Қазақстан облысы - 33, Түркістан облысы - 7. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 989 143.

Қазақстанда өткен тәулікте 282 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 89, Алматы қаласы - 10, Ақмола облысы - 38, Ақтөбе облысы - 7, Алматы облысы - 36, Шығыс Қазақстан облысы - 12, Жамбыл облысы - 4, Батыс Қазақстан облысы - 3, Қарағанды облысы - 18, Қызылорда облысы - 1, Павлодар облысы - 34, Солтүстік Қазақстан облысы - 29, Түркістан облысы - 1.

Қазақстан бойынша жазылғандар саны - 961495.