Елімізде 904 бала коронавирустан емделіп жатыр

03.12.2020 16:51

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 13 827 адам ем қабылдауды жалғастыруда

Фото: ашық дереккөзден

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 13 827 адам ем қабылдауды жалғастыруда, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

«Олардың арасында 904 бала бар. Стационарларда 3 541 науқас жатыр. 10 286 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 218 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 35 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 31 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр»,– делінген хабарламада.