Қарағанды облысында коронавирус жұқтырған 44 адам тіркелді

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Облыста коронавирус инфекциясын жалпы 873 адам жұқтырған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қарағанды облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 44 адам тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомсвтоаралық комиссия мәліметіне сілтеме жасап.

ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша 44 адамда COVID-19 вирусы анықталды, тіркелген жағдайлар скрининг барысында және жақын байланыста болғандарды тексеру нәтижесінде анықталды.

«Науқастар ішінде: Қарағанды қаласында – 25 адам, Теміртау қаласында – 3, Саран қаласында – 3, Сәтбаев қаласында – 7, Жезқазған қаласында – 2, Абай ауданында – 3, Жаңаарқа ауданында – 1 адам анықталды. Барлығы жұқпалы аурулар стационарына жатқызылды», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, ем алып жатыр. Ауру ошақтарында зарарсыздандыру шаралары жүргізілді.

Бүгінгі күні облыста коронавирус инфекциясын жалпы 873 адам жұқтырған, олардың ішінде 3 адам қайтыс болған және 229 науқас жазылып шыққан.

Новости партнеров