Енді Александр Марочкин алдағы матчтарға қатыспайды
Ұлттық құраманың негізгі қорғаушыларының бірі Александр Марочкин алдағы матчтарға қатыспайды. Бұл туралы Prosports жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Марочкиннің коронавирусқа қарсы тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткендіктен, Қазақстан құрамасының 4 қазан күні басталған оқу-жаттығу жиынына келе алмады.
Естеріңізде болса, Марочкин ұлттық құраманың өткен айдағы үш ойынына да қатысқан еді.
Айта кетейік, Талғат Байсуфинов шәкірттері 9 қазанда Босния және Герцеговина, ал 12 қазанда Финляндия құрамасымен күш сынасады. Қос ойын да «Астана Арена» стадионында өтеді.