2021 жылдың 16 ақпанында халықаралық авиарейспен келген жолаушылар туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
16 ақпанда Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Корея, Мальта, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, РФ, Өзбекстан және Қырғызстаннан 13 халықаралық әуе рейсі келді. 1 972 жолаушының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 759 адам, анықтамасыз 213 ҚР азаматы келді.
Оның ішінде:
- Алматы қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 622 жолаушы, анықтамамен - 1 413, анықтамасыз - 209;
- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 350 жолаушы, анықтамамен - 346; анықтамасыз - 4.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерінде COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижесін күтіп отыр. Анықтамасыз келген 383 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижесі бойынша Мале – Алматы рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирус анықталды.