Стамбулдан ұшып келген жолаушыдан коронавирус анықталды

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантин стационарында өз нәтижеін күтіп отыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

28 қаңтарда халықаралық авиарейспен келген жолаушылар бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

2021 жылғы 28 қаңтарында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Ресей Федерациясы және Өзбекстаннан 12 халықаралық әуе рейсі келді. 2 029 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 596 адам, анықтамасыз 433 ҚР азаматтары келді. 

Оның ішінде: 

- Алматы қаласының әуежайына – 7 рейс, 1 111 жолаушы, анықтамамен - 822, анықтамасыз - 289; 

- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 793 жолаушы, анықтамамен - 649; 

анықтамасыз - 144; - Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 125 жолаушы анықтамамен келген. 

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантин стационарында өз нәтижеін күтіп отыр. 27 қаңтарда анықтамасыз келген 348 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижесі бойынша Стамбул – Алматы рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды.

Новости партнеров