Алматыда карантин режимін бұзған 25 кәсіпкерге айыппұл салынды

20.08.2021 16:54

Олар мейрамхана, кафе, бар, сұлулық салоны, компьютерлік клубтар мен дүкендердің иелері

inform.kz

Алматыда екі күн ішінде мейрамхана, кафе, бар, сұлулық салоны, компьютерлік клубтар мен дүкендердің 25 иесіне айыппұл салынды. Мегаполисте мониторингтік топтардың карантиндік тексерулері жалғасуда. Мысалы, 16 және 17 тамызда Бостандық пен Әуезов аудандарындағы екі мекеме жұмыс уақытын бұзды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Тәртіп сақшыларының мәліметтері бойынша 16 тамыздан 17 тамызға қараған түні белгіленген шектеулердің 13 бұзушылықтары анықталды. Құқық бұзушылардың қатарында Бостандық ауданындағы Weekend Vibes кафесі бар. Олар карантин кезінде рұқсат етілген жұмыс уақытынан кейін 40 келушіні қабылдаған.

Шамамен осы уақытта тексерушілер «Восточный двор» кафесінде бұзушылықты тіркеді, онда 40-қа жуық адам болды.

Келесі күні тексерулер жалғасты, 17 тамызда Бостандық ауданында шамамен 23.28 сағатта JAM барында жұмыс режимінің бұзылуы тіркелді. Тексерушілердің мобильді тобы бар  ішінен 40-қа жуық адамды тапты.

Сол күні кешкі сағат 22.43 шамасында сол шағынауданда «Chechil Pub» кафесінен 50 келуші табылған, заң бұзушылықтарға жол берілген.

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігерінің талаптарын орындамағаны үшін бұл мекемелердің иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Эпидемиологтардың айтуынша, жасырын кештерде, жабық жерлерде уақыт өткізу арқылы қала тұрғындары өздеріне және айналасындағыларға  қауіп төндіреді. Айта кетерлігі, мекемелерде мұндай заңсыздықтарға дер кезінде тойтарыс беріледі. Мысалы, өткен аптада мониторингтік топтар 1000-ға жуық нысанды тексеріп, 124 бұзушылықты анықтады.

Еске салсақ, Алматыда «қою қызыл» аймаққа шектеу шаралары 1 қыркүйекке дейін ұзартылды.

Сонымен қатар, қала қоғамдық көліктерде маска режимінің сақталуын бақылауды жалғастыруда.

Айдың басынан бері автокөлік компанияларының бақылау топтары мыңнан астам автобусты тексеріп, ондаған тәртіп бұзушыларды анықтады.

17 тамызда қоғамдық көліктегі карантиндік режимді сақтау бойынша алаңнан тыс шара ұйымдастырылды. Алматы қаласының қоғамдық көліктерінде бетперде режимін сақтамағаны үшін 105 автобуста жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша ҚР ӘҚБтК 1-бөлімінің 425-бабы бойынша 17 жолаушыға қатысты әкімшілік хаттамалар жасалды.

Инспекторлар автобус жолаушыларын бетперде киюге көндіреді, себебі бұл инфекция қаупін азайтады. Назар аударыңыз, алматылық эпидемиологтардың мәліметі бойынша, қоғамдық көліктер инфекцияның негізгі бес жерінің бірі болып табылады және 17,6% жағдайды құрайды.

Сонымен қатар, қалада «симптоматикалық» науқастардың үлесі 94%-ға дейін өсуін жалғастыруда.

Тексерушілер автобус жолаушыларына бетперде тағу міндетті екенін, бұл инфекция қаупін азайтатынын түсіндіруде. Айта кетерлігі, алматылық эпидемиологтардың мәліметі бойынша, қоғамдық көліктер инфекция жұқтырудың  негізгі бес орнының бірі болып табылады және жұқтыру мұнда 17,6%-ды құрайды.

Сонымен қатар, қалада «симптомды» науқастар үлесінің 94%-ға дейін өсуі жалғасуда.