Вирусты ең көп жұқтырғандар Мәскеуде анықталған – 825 адам
Өткен тәулікте Ресейде COVID-19 жұқтырған 6065 науқас анықталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.
Сондай-ақ, 144 адамның қайтыс болып, 5255 адамның ауруханадан шығарылғаны айтылады.
Осылайша, күнделікті коронавирус жұқтыратын науқастардың саны 19 шілдеден бері алғаш рет алты мыңнан асып отыр.
Вирусты ең көп жұқтырғандар Мәскеуде анықталған – 825 адам.
Тағы 212 жағдай Санкт-Петербургте, 180 – Ростов облысында тіркелді.
Пандемия басталғаннан бері Ресейде коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 1 097 251-ге жетті, 19 339 адам қайтыс болды, 906 462 адам сауығып шықты.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы мәліметі бойынша әлемде 30 миллионнан астам COVID-19 жұқтырған адам бар, 943 мың адам қайтыс болды.