Қазақстанда өткен тәулікте 118 адамнан коронавирус анықталды

15.05.2020 16:56

Елімізде COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 5689 адамға жетті

Интерфакс

Қазақстанда өткен тәулікте 118 адамның коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Almaty.tv Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабына сілтеме жасап.

Қазіргі таңда еліміз бойынша COVID-19 вирусын жұқтыру өсімі 2,1%-ды құрап отыр. Аймақтар бойынша:

Ақмола облысы - 4 (3,6%)

Ақтөбе облысы - 29 (15,8%),

Алматы облысы - 1 (0,5%),

Атырау облысы - 17 (3,7%),

Шығыс Қазақстан облысы - 1 (1,8%),

Жамбыл облысы - 2 (1,0%),

Батыс Қазақстан облысы - 7 (2,6%),

Қарағанды   облысы - 8 (3,9%),

Қостанай облысы - 4 (5,9%),

Қызылорда облысы - 1 (0,4%)

Маңғыстау облысы - 3 (2,2%),

Алматы қаласы - 11 (0,7%),

Нұр Сұлтан қаласы - 25 (2,2%),

Шымкент қаласы - 5 (2,0%).

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 5689 адам.