Елімізде пандемиямен күрес жөніндегі кешенді бағдарлама әзірленеді

01.09.2020 16:57

Үкімет нақты шектеулер мен бейімді карантин әдісін енгізуде

liter.kz

Елімізде пандемиямен күрес жөніндегі кешенді бағдарлама әзірленеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауы барысында осылай деді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Baq.kz-ке сілтеме жасап. 

«Үкімет нақты шектеулер мен бейімді карантин әдісін енгізуде. Пандемиямен күрес жөніндегі кешенді бағдарлама әзірленеді. Мемлекет тарапынан әлеуметтік саладағы және экономиканы қолдауға бағытталған барлық міндеттемелер орындалады. Бұл мақсатқа Ұлттық қордан 1  трлн теңге бөлінуде. Әлеуметтік төлемдерді индексациялау жұмысы жалғасын табады.  Осы бағытта 2023 жылға дейін шамамен, 1 трлн теңгеден астам қаржы бөлу жоспарланып отыр. Біз қазіргі қиындықты міндетті түрде еңсереміз», – деді ол.