Қарағанды облысында бір тәулікте 90 адамнан коронавирус анықталды

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Облыста коронавирус жұқтырған 562 адам анықталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қарағанды облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 90 адам тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметіне сілтеме жасап.

«ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша 90 адамнан COVID-19 вирусы анықталды. Тіркелген жағдайлардың 24-і скрининг нәтижесінде және 66-сы вирусты жұқтырғандармен жақын байланыста болғандарды тексеру кезінде анықталды», - делінген хабарламада.

Барлығы жұқпалы аурулар стационарларына жатқызылды. Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, ем алып жатыр. Ошақтарда зарарсыздандыру шаралары жүргізіліп жатыр.

Қазіргі уақытта облыста коронавирусты жұқтырған 562 адам анықталған, оның ішінде 3 адам көз жұмған және 190 науқас жазылып шыққан.

Новости партнеров