Ұлыбританияда бір тәулікте 900-ге жуық адамнан коронавирус анықталды

31.07.2020 16:57

Адам өлімі бойынша Еуропада Англия көш бастап тұр

REUTERS

Англия Еуропа елдерінің ішінде коронавирустан көз жұмған адамдар саны бойынша көш бастады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Ұлыбританияда бейсенбі күні коронавирустың расталған 846 оқиғасы тіркелді. Бұл бір ай ішіндегі ең жоғары көрсеткіш. Елде дерттен сол күні 38 адам көз жұмып, барлығы 45999 адамға жетті. Осы жағдайға байланысты британ билігі коронавирус белгілері бар адамдарды оқшаулау мерзімін 10 күнге дейін ұзартты.