Дубайдан ұшып келген қазақстандықтан КВИ анықталды

25.02.2021 16:59

1 506 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 222 адам, анықтамасыз 284 ҚР азаматтары келді

astana.gov.kz

24 ақпанында елімізге Германия, Корея, БАӘ, Мысыр, Түркия, РФ, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 14 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

1 506 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 222 адам, анықтамасыз 284 ҚР азаматтары келді. 

Оның ішінде: 

Алматы қаласының әуежайына – 8 рейс, 838 жолаушы, анықтамамен - 802, анықтамасыз - 36; 

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 3 рейс, 530 жолаушы, анықтамамен - 282; анықтамасыз - 248; 

Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, 3 жолаушы анықтамамен келген; 

Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 81 жолаушы анықтамамен келген; 

Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 54 жолаушы анықтамамен келген. 

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде. 2021 жылдың 23 ақпанында шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәлімет Анықтамасыз келген 293 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша Дубай – Алматы рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды.