Қарағанды облысында коронавирус инфекциясының ауру белгілерімен 24 адам тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметіне сілтеме жасай отырып.
ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша 24 адамда COVID-19 вирусы анықталды, тіркелген жағдайлар скрининг барысында және бұған дейін ауырған адамдармен жақын байланыста болғандарды тексеру нәтижесінде анықталды.
«Қарағанды қаласында – 7 адам, Теміртау қаласында – 11, Шахтинск қаласында – 1, Сәтбаев қаласында – 4, Қарқаралы ауданында– 1 адам тіркелді. Барлығы жұқпалы аурулар стационарына жатқызылды», - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, ем алып жатыр. Ауру ошақтарында дезинфекция жасалды.
Бүгінде облыста коронавирус инфекциясымен жалпы 1129 адам анықталды, олардың ішінде 5 адам қайтыс болды және 442 пациент жазылып шықты.