Соның ішінде 20 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда
Қазақстанда 6,6 мың адам коронавирустан емделіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 6 601 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 397 бала бар. Стационарларда 2 727 науқас жатыр. 3 874 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 188 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 20 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 28 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», – делінген хабарламада.