Қырғызстанда коронавирустан 61 жастағы бірінші адам көз жұмды

03.04.2020 20:22

Қырғыз елінде бүгін жаңа вирустың тағы 9 дерегі тіркелді

Сурет : 24.kg

Қырғызстанда коронавирустан алғаш рет адам көз жұмды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Кеше Ош облысының Ноқат аумақтық ауруханасында науқас қайтыс болды. 61 жастағы ол шетелден келген. Науқастың созылмалы дерттері асқынған", - деді республикалық штабтағылар.

Сонымен қатар, Қырғыз елінде бүгін жаңа вирустың тағы 9 дерегі тіркелді. Төрт науқастың жағдайы ауыр, біреуі жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Жалпы, бүгінде Қырғызстанда коронавирустың 125 фактісі расталды, олардың бесеуі сауығып шықты. 1,9 мың адам науқастармен байланыста болған.