Сүйіктісі коронавирус жұқтырды деп ойлаған ер адам оны өлтіріп, өз-өзіне қол жұмсады

08.04.2020 17:00

Денелері түрлі бөлмелерде болған, барлық есіктер мен терезелер ішінен жабылған

stan.kz

АҚШ-тың Иллинойс штатының тұрғыны сүйіктісін коронавирус жұқтырды деп қорқып, оны өлтіріп, өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Stan.kz.

Полиция қызметкерлері Черил Шрифер және Патрик Джесерниктің үйіне келіп, екі өлі денесін тапқан. Денелері түрлі бөлмелерде болған, барлық есіктер мен терезелер ішінен жабылған.

Болжам бойынша, Джесерник сегіз жыл бірге өмір сүрген сүйіктісін өлтіріп, содан кейін өзіне қол жұмсаған. Оның сүйіктісінің демікпесі болған, Патрик оны коронавирус жұқтыруы мүмкін деп ойлаған. Мерт болғаннан кейін жүргізілген тест Джесерникте де, оның қызында да коронавирус анықталмағанын көрсетті.

Полиция олардың мекен-жайы бойынша ешқашан тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы хабарлама алмағанын айтты.