Қазақстанда коронавирустан тағы бір адам қайтыс болды

31.03.2020 17:00

Марқұмның Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны екені айтылады

glavcom.ua

Коронавирус тағы бір отандасымыздың өмірін жалмады. Жағдай Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген, деп хабарлайды Almaty.tv.

50 жастағы науқас 21 наурыз күні жедел-жәрдеммен ауруханаға жеткізіліпті. Анықталғаны, ол бір ай бойы ауырған екен. Алайда медициналық көмекке жүгінбеген. Қазір ажал құшқан адаммен байланыста болған 31 адам ауруханаға жатқызылған. Кейін, екі отбасы мүшесінен коронавирустық инфекция табылыпты.

Елдегі індетке қатысты жағдай мынадай, Қазақстанда қауіпті індетті жұқтырғандар саны 325-ке жетті. Нұр-Сұлтан қаласында – 175. Алматы қаласында – 82. Шымкент қаласында – 2. Атырау мен Қарағанды облыстарында – 13 жағдайдан тіркелген. Ақмола облысында – 10 адамнан анықталды. 

Қызылорда және Алматы облысында  сегіз-сегізден. Жамбыл мен Ақтөбе облысында –  3. Ал, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында  екі-екі жағдайдан тіркелген.

Маңғыстау мен Павлодар облысында –  1. Аты жаман аурудан айыққандардың саны да көтеріліп келеді. Ал, еліміз бойынша 22 азамат жазылып шықты. Оның 15-і елордада, жетеуі Алматыда. Еске сала кетейік,  осыған дейін коронавирустан бір адам көз жұмған еді.