Қаланың инфрақұрылымы мен денсаулық сақтау жүйесі коронавирустың жаңа толқынына дайын – Б. Сағынтаев

02.04.2021 17:01

Былтыр оттегі жетіспейтінін көрдік, бүгінде 17 аурухана орталықтандырылған оттегімен қамтамасыз етілді

Алматыда өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өтіп жатқан онлайн-брифингте қала әкімі Б. Сағынтаев қаланың денсаулық сақтау жүйесі коронавирустың жаңа толқынына дайын екенін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Жалпы алғанда, қаланың инфрақұрылымы мен денсаулық сақтау жүйесі коронавирустың жаңа толқынына дайын. Былтыр оттегі жетіспейтінін көрдік, бүгінде  17 аурухана орталықтандырылған оттегімен қамтамасыз етілді. Яғни, әр палатада, әр төсекте орталық оттегіге қосылу нүктесі болады. Кез келген палатадан реанимация жасауға болатындай жағдай жасадық», – деді қала әкімі.