Қостанай облысында 96 адам аурухана карантинінде жатыр

13.04.2020 в 17:03

Қостанай облысында 96 адам ауруханаға жатқызылды, үй карантинінде 1517 адам бар

Қостанай облысын 1517 адам үй карантиніне жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігі жанындағы арнайы штабқа сілтеме жасап.

Бүгінгі мәліметке сүйенсек, Қостанай облысында 96 адам ауруханаға жатқызылды, үй карантинінде 1517 адам бар. Санитарлық бекеттерде 7247 автокөлік және 12482 адам тексерілген. Жүргізушілер мен жолаушылар тарапынан бекеттердің жұмысына шағым түспеген.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 12 сәуірде блокпосттар арқылы 1028 автокөлік тексерілген. 5 автомобиль өңірге кіргізілмеді. Ал 335 автокөлік транзит арқылы өтті. Блокпосттарда 165 полицей, 49 Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшісі, 65 медицина қызметкері, 3 әкімдік өкілі, 11 ветеринария қызметкері кезекшілік атқарады.

«Өткен тәуілікте 7 адам ТЖ режимін бұзған. Сонымен қатар үй карантинінде жатқан 5 адам сыртқа шығып кеткен. Төтенше жағдай енгізілген мерзімнен бастап полиция қызметкерлері 388 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты. Сот 227 әкімшілік материалды қаралды. Оның ішінде 28 адамға ескерту жарияланды. Тәртіп сақшылары 168 әкімшілік айыппұл хаттамасын толтырд», - делінген полиция ақпаратында.