COVID-19: Испанияда 15 күнге төтенше жағдай енгізілді

10.10.2020 в 17:04

Сонымен қатар отбасылық шаралар алты адамнан аспауы қажет

Испания астанасы Мадрид қаласында 15 күнге төтенше жағдай енгізілді. Бұл қаладағы коронавирустың таралу ауқымын төмендету мақсатында жасалып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Мадрид пен оған жақын орналасқан қалалар оқшауланады. Карантин талаптарының сақталуын 7 мың полиция қадағаламақ. 

Карантиннің жаңа талаптарына сәйкес, Мадрид пен тағы тоғыз қалаға нақты себепсіз қатынауға шектеу қойылған. Жергілікті мейрамханалар мен дәмханалар кешкі сағат 23:00-ге дейін жабылуы тиіс. Сонымен қатар отбасылық шаралар алты адамнан аспауы қажет. 

Мадрид билігі өкілдері, коронавируспен ауыратын науқастардың саны азайту үшін, төтенше жағдай енгізу негізсіз деген пікірде. 

Ал денсаулық сақтау министрі Мадрида Энрике Руис Эскудеро қабылданған шешімнің нәтижесі болатындығы алға тартып отыр.