Комаровский коронавирустың алдын алудың ең тиімді әдісін айтты

11.10.2020 в 17:04

Дәрігердің сұхбаты өзінің YouTube-тегі арнасында жарияланды

Дәрігер және тележүргізуші Евгений Комаровский коронавирустың алдын алудың ең жақсы әдісін айтты. Дәрігердің сұхбаты өзінің YouTube-тегі арнасында жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі  Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Дәрігердің айтуынша, ең тиімді тәсіл – футболмен айналысу. Ол аурудың ауырлығы адамның жасына ғана емес, сонымен қатар ағзаға қанша вирус түскеніне байланысты екенін түсіндірді.

"Аурудың ауырлығы тыныс алу жолына қанша вирус түсетініне байланысты", – деді дәрігер.

Комаровский адамдар далада вирусты көп мөлшерде ала алмайтынын, ал жабық жерлерде, керісінше, вирус жұқтыру ықтималдығы өте жоғары екенін атап өтті. Дәрігер, сонымен қатар, қазір адамдар ашық жерлерде кездесуі керек екенін айтты.