Хабиб Нурмагомедовтың әкесі коронавирусқа тест тапсырды

26.04.2020 17:04

Қазіргі таңда Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны 74 558 адамға жетті

Getty Images

Ресейлік танымал спортшы, жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтің әкесі Абдулманап Нурмагомедов коронавирусқа тест тапсырды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы Абдулманап Нурмагомедовтің досы, белгілі комментатор Рамазан Рабаданов өзінің Instagram парақшасында жазды.

«Абдулманап тест талдауларын тапсырды. Нәтижесі ертең белгілі болады», - деді Рабаданов.

Бұдан бұрын Абдулманап Нурмагомедов пневмониямен ауырып, аураханаға түскен болатын.

Айта кетсек, қазіргі таңда Ресейде коронавирус жұқтырған 74 558 жағдай тіркеліп отыр.