6 мамырда Германия канцлері Ангела Меркель мен 16 федералды штаттың билігі шектеу шараларын жеңілдету туралы келіскен болатын
Өткен сәрсенбіден бастап Германияда билік карантин режимін жеңілдеткен болатын. Осыдан кейін елде коронавирус инфекциясын жұқтыру саны артып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews агенттігіне сілтеме жасап.
COVID-19 вирусынан 7 395 адам қайтыс болды, 144 000 адам сауығып шықты. Соңғы күндері Солтүстік Рейн-Вестфалия және Шлезвиг-Гольштейн федералдық жерлерінде ет комбинаттарында инфекцияның өршуі байқалады. Билік осы кәсіпорындарды жабуға мәжбүр болды. 6 мамырда Германия канцлері Ангела Меркель мен 16 федералды штаттың билігі шектеу шараларын жеңілдету туралы келіскен болатын.
Алайда үкімет басшысы инфекцияның жаңа ошақтары байқалатын аймақтар карантиндік режимге оралатынын айтты. Осыған орай елде пандемияға байланысты шектеу шараларына наразылықтар өтті. Штутгартта болған демонстрацияға қатысушылар олардың бостандығына қауіп төніп тұрғанын және коронавируспен байланысты қауіп-қатерлер бос дақпырт екенін айтуда.