Қостанай облысында коронавирус індетінен бір науқас көз жұмды

15.04.2020 17:11

Қазақстанда коронавирустан барлығы 15 адам көз жұмды

scoopnest.com

Қостанай облысында коронавирус індетінен бір науқас көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап. 

Марқұм 1945 жылы дүниеге келген. Індеттен барлығы 15 адам көз жұмды.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 291 адам, Алматы қаласында – 370 адам, Қарағанды облысында - 80 адам, Ақмола облысында - 79 адам, Атырау облысында - 70 адам, Жамбыл облысында - 49 адам, Шымкент қаласында - 40 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 8 адам, Алматы облысында - 24 адам, Ақтөбе облысында - 12 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 26 адам, Павлодар облысында - 11 адам, Маңғыстау облысында - 11 адам, Қызылорда облысында - 124 адам, Батыс Қазақстан облысында - 18 адам, Түркістан облысында - 49 адам, Қостанай облысында - 5 адам, жалпы 1267 науқас тіркелді.