Қазақстанда тағы 18 адам пневмониядан қайтыс болды

07.08.2020 17:05

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 1424 жағдайы тіркелді

открытые источники

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 1424 жағдайы және 18 өлім жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 11008, 120 өлім жағдайы тіркелді.

«Барлық мәлімет министрліктің ресми сайтында және ведмостваның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады. Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны, қайтыс болғандар және қоғамдағы маңызды жағдайлар  ресми ақпарат көздері арқылы  жедел жарияланады», – делінген хабарламада.

Ал, аймақтардағы ахуал туралы ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі апта сайын арнайы брифингте хабарлайды.