Атырау облысы «жасыл» аймақтан «сарыға» оралды
COVID-19 індетінің таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 16 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Батыс Қазақстан облысы «қызыл» аймаққа кірді, Атырау облысы «жасыл» аймақтан «сарыға» оралды.
Осылайша матрицаға сәйкес, өңірлер төмендегідей бөлінді:
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары, Батыс Қазақстан облысы
«Сары» аймақта: Ақмола, Алматы, Атырау, Қарағанды облыстары.
«Жасыл» аймақта – қалған өңірлер.
Өткен тәулікте Қазақстанда 954 адамнан коронавирус анықталды.