Әйел коронавирус инфекциясымен бірге, басқа да аурулармен ауырған
Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі 62 жастағы әйелдің өлімі коронавирустан болмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, әйел адамның өліміне прогрессивті жүрек-қан тамырлары жеткіліксіздігінен туындаған қайтымсыз органикалық әсер себеп болған.
«Әйел сонымен қатар, коронавирус инфекциясымен бірге, басқа да аурулармен ауырған. Осыған байланысты, Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында КВИ тесті оң нәтижелі болған науқастардың өлім-жітімін зерттеу комиссиясы бұл жағдайды КВИ салдарынан қайтыс болған жоқ деген шешім шығарды», - делінген хабарламада.