Пневмониядан 15 адам қайтыс болды

09.08.2020 17:07

1 тамыздан бері 152 өлім жағдайы тіркелді

Анна Рыжкова © ИА Красная Весна

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясы белгілері бар пневмонияның 1011 жағдайы және 15 өлім жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ресми дереккөзге сілтеме жасап.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 13121, 152 өлім жағдайы тіркелді.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі КВИ қатысты әр тәуліктегі ақпаратты күн сайын жариялап отырады. Барлық мәлімет министрліктің ресми сайтында және ведмостваның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады.

Толық көрсету