20 052 адам індеттен ажал құшқан
Пандемия басталғалы 20 мыңнан астам азаматынан айырылған Колумбия үкіметі карантин талаптарын босатқан, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «Егемен Қазақстан» басылымына сілтеме жасап.
Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауына қарағанда, елде 20 052 адам індеттен ажал құшып, 624 069 азаматтың ауру жұқтырғаны тіркелген. Ал дәл осы уақытта, 133 155 пациент аурумен арпалысып жатқанда билік бірқатар аймақтарда карантин талаптарын босаңдатуды, тіпті алып тастауды көздеген. Шектеу тек ауру белсенділігі жоғары өңірлерде ғана сақталады, ал қалған аймақтар сақтық шараларын ұстана отырып қалыпты тіршілікке көшеді делінген.