Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 20 наурыздан 23 тамыз аралығында 2 мыңға жуық карантин режимін бұзғандарды анықтады
Алматыда мейрамхана иелері карантин режимін бұзылып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
21-23 тамыз аралығында жиналған материалдар аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аудандық бөлімшелеріне жіберілді.
Барлық фактілер бойынша әкімшілік жаза қолданылады. Бұл арада тексерушілер болған мекемелердің жанында полицейлердің авто посттары кезекшілік ететін болады.
Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 20 наурыздан 23 тамыз аралығында 2 мыңға жуық карантин режимін бұзғандарды анықтады.
Эпидемиологтардың айтуынша, коронавирусқа байланысты қаладағы қазіргі жағдай әлі де күрделі. Соңғы аптада «симптомды» науқастардың үлесі 94,2%-ды құрады. Сондықтан құрамына әкімдік, полиция қызметкерлері, кәсіпкерлер палатасының өкілдері мен еріктілер кіретін мобильді топтар шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің, қала тұрғындары мен қонақтарының карантиндік шектеулерді сақтауы бойынша профилактикалық жұмыстарын жалғастыруда.
Эпидемиологиялық талаптарды бұзатын объектілерге ерекше көңіл бөлінеді: ойын-сауық мекемелері, кафелер, мейрамханалар, караоке, барлар, сауда орталықтары. Атап айтқанда, Ashyq жобасы аясында жұмыс істейтін кәсіпкерлік субъектілері тексерілуде.
Сонымен, 21-22 тамыз аралығында мониторингтік топтар белгіленген шектеулердің 20 бұзушылығын анықтады.
Мысалы, 21 тамызда сағат 19.00 шамасында тыйым салынғанына қарамастан, Әуезов ауданы, Ақсай 4 шағынауданында «Достар» мейрамханасы жұмыс істеп, онда 150 қонақтың қатысуымен іс-шара өтті.
Дәл сол күні Наурызбай ауданының тексерушілері кешкі сағат 17.10 шамасында Ақжар шағынауданындағы «Самир» мейрамханасында 80 келуші болған заң бұзушылықты анықтады.
Тағы бір банкет жасырын түрде Наурызбай ауданы, Дрозды көшесіндегі жеке үйде өтті, онда 30 қонақ болды. Тексерушілер хабарлағандай, мұнда құдалық болған.
21 тамызда Алмалы ауданының мониторингтік тобы кешкі сағат 22 шамасында карантинді бұзған 50 адам бар «Летный двор» кафесінің жұмысын тоқтатты.
Сол күні, шамамен сағат 23.00-де Алмалы ауданының Құрманғазы көшесіндегі «1917» кафесінде тәртіп бұзушылық анықталды, шамамен 16.30-да Бостандық ауданындағы «Bi Kumis» мейрамханасында 100 қонақ шақырылған банкет тоқтатылды.
22-23 тамыз аралығында Алматыда 12 карантин режимін бұзғандар анықталды. Тексерушілер жексенбі, 22 тамызда демалыс күндері жұмысқа толық тыйым салынғанына қарамастан, Бостандық ауданы Алма Арасан көшесіндегі «Холам» кафесінің жұмыс жасап жатқанын хабарлады. Мекеме ішінде 30-ға жуық келуші болған.
Сол күні Дулати көшесінде «У Исабая» кафесі жұмыс жасаған, тексерушілер 80 келушінің демалысын тоқтатты.
22 тамызда Алатау ауданында мониторингтік топ «Фируза» мейрамханасын ашылғанын және 40 қонақтың болғанын анықтады.
Сонымен қатар, Наурызбай өңірінде 60 келушінің қатысуымен іс-шара өткізілген «Нұр-Ай» мейрамханасын тексерді.
Алматыда патрульдік авто экипаждар ойын-сауық мекемелерінің жанында кезекшілік жасауда, мұндай шарамен барлығы 150-ге жуық нысан қамтылған.
Алматыдағы мониторингтік топтар өкілдерінің айтуынша, карантин режимін бұзғандарды анықтау жұмыстары жалғасады. Халық карантинді қатаң сақтауы, адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болғаны, бетперде режимін ұстануы, әлеуметтік қашықтықты сақтаулары тиіс.