Соңғы тәулікте 666 адам аты жаман аурудан ажал құшқан
Әлем бойынша, өткен тәулікте 18 мың 451 адам коронавирус жұқтырған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бүгінгі таңда қауіпті індетті жұқтырғандардың саны 182 мың 561 жетті. 79 мың 501 науқас емделіп шықса, қазіргі уақытта әлі де ауруханада жатқандардың саны 95 мыңнан асады. Ал, қаза тапқандар саны 7165 адамға жетті. Соңғы тәулікте 666 адам аты жаман аурудан ажал құшты. Қытай халық Республикасында 68 мың 688 адам коронавирустан айықса, ал 8967 науқас әлі де болса дәрігерлердің бақылауында. Ал, Италияда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 27 мың 980 жетіп, аурудан жазылғандар 2749 адам.