Бүгінде облыста коронавирус жұқтырған жалпы 829 адам тіркелген
Қарағанды облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 41 адам тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметіне сілтеме жасап.
ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша 41 адамда COVID-19 вирусы анықталды, тіркелген жағдайлар скрининг барысында және вирусты жұқтырғандармен жақын байланыста болғандарды тексеру нәтижесінде анықталды.
«Науқастар ішінде Қарағанды қаласында – 25 адам, Теміртау қаласында – 12, Шахтинск қаласында – 2 және Бұқар жырау ауданында – 2 адам анықталды. Барлығы жұқпалы аурулар стационарына жатқызылды», - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, ем алып жатыр.
Ошақтарда дезинфекциялық шаралар жүргізілді.
Бүгінде облыста коронавирус жұқтырған жалпы 829 адам тіркелген, оның ішінде 3 адам қайтыс болған және 221 пациент жазылып шыққан.