Чехияда маска кию қайта міндеттелді

18.08.2020 в 17:10

Бұл елдегі коронавирус жұқтырудың жаңа жағдайларының өсуіне байланысты енгізілді

Чехияда 1 қыркүйектен бастап көлікте және қоғамдық орындарда маска кию міндеттелді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпартқа сілтеме жасап.

Бұл елдегі коронавирус жұқтырудың жаңа жағдайларының өсуіне байланысты енгізілді.

Чехия наурыз айында Еуропадағы алғашқы елдердің бірі болып ел тұрғындарына қоғамдық орындарда маска киюді бұйырған бұлатын. Бірақ жағдай жақсарғаннан кейін бұл ереже біртіндеп жұмсара бастады.