Үндістанда КВИ жұқтырғандар саны 6 миллионнан асты

28.09.2020 17:11

Осылайша Үндістан коронавирус жұқтырғандар саны бойынша әлемде 2-орында тұр

tengrinews.kz

Үндістанда коронавирус жұқтырғандар саны алты миллионнан асып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Осылайша Үндістан коронавирус жұқтырғандар саны бойынша әлемде 2-орында тұр. Науқастар саны көп елдердің тізімінде АҚШ көш бастап тұр, онда науқастардың саны 7,1 миллионға жетті.

Үндістанның Денсаулық сақтау және отбасылық әл-ауқат министрлігінің мәліметінше, бір тәулікте 74 мыңнан аса науқас емделіп шыққан. Соңғы мәліметтер бойынша, елде коронавирустан айыққандар саны 5 миллион адамнан асты.

Ал ауруханаларда 962 мыңнан аса науқас емделіп жатыр екен.