БҚО-да 20 мұғалім коронавирус жұқтырған

16.11.2020 17:13

Қыркүйек айынан бері 6 мектепке дейінгі мекеме карантинге жабылды

Фото: ашық дереккөзден

Батыс Қазақстан облысында қыркүйек айынан бері 20 мұғалім коронавирус жұқтырған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, соның үшеуі – бастауыш сынып мұғалімдері. 

Осы уақыт аралығында Орал қаласы бойынша 18, аудандарда 10 сынып карантинге жабылды. 

Сондай-ақ қыркүйек айынан бері 6 мектепке дейінгі мекеме карантинге жабылды. 

Өңірде соңғы тәулікте коронавирус жұқтырған 42 адам тіркелсе, соның 14-інде ауру белгілері байқалған. Қалған 28 адамда ауру симптомсыз өтуде. 

Індет басталғаннан бері облыста барлығы 7499 адамның ауырғаны анықталып, соның 6954-і жазылып шықты. 128 науқас көз жұмды.