Неліктен қант диабетімен ауыратын адамдарға коронавирустың таралуы кезінде қауіп төнуі мүмкін?

07.04.2020 17:13

Қант диабетімен ауыратын адамдарда вирустық инфекция дамыған кезде, оның барысы қандағы глюкоза деңгейінің ауытқуы және қант диабеті салдарынан асқынуы мүмкін

открытые источники

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, COVID-19 жұқтыру қаупі әсіресе қант диабеті, гипертония, жүрек-қантамыр жүйесі мен созылмалы өкпе аурулары және қатерлі ісік аурулары бар егде адамдарға төнуі мүмкін, деп хабарлайды Almaty.tv.

Неліктен қант диабетімен ауыратын адамдарға қауіп төнуі мүмкін? Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты эндокринология курсының жетекшісі, м.ғ.к. Лаура Даниярованың айтуынша, осы санаттағы науқастардың аурудың декомпенсациясы аясында ағзаның иммунологиялық реактивтілігі төмендеуі мүмкін. Созылмалы гипергликемия (қандағы қанттың көбеюі) кез-келген инфекциялық агенттердің, соның ішінде вирустың да өсуі мен дамуына «қолайлы» көректік орта болып табылады. Қант диабетімен ауыратын адамдарда вирустық инфекция дамыған кезде, оның барысы қандағы глюкоза деңгейінің ауытқуы және қант диабеті салдарынан асқынуы мүмкін екендігі  белгілі.

«Қант диабетімен ауыратын адамдарға коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупін азайту үшін сақтық шараларын сақтау қажет», - дейді Лаура Бақытжанқызы.

Халықаралық қант диабеті федерациясы қант диабетімен ауыратын адамдарда коронавирустың алдын-алу бойынша ұсыныстар жариялаған болатын. Ең бастысы - бұл өзін-өзі бақылау:

•  Қандағы глюкоза деңгейін бақылауға ерекше назар аудару керек. Тұрақты түрде бақылау – ол қандағы жоғары немесе төмен глюкоза деңгейінен туындайтын асқынулардың алдын алуға көмектеседі.

•  тұмау белгілері болған жағдайда (дененің қызуы, жөтел, ентігу), міндетті түрде дәрігерге қаралу керек.

•  Кез-келген инфекция қандағы глюкоза деңгейін жоғарылатады және сұйықтыққа деген қажеттілікті арттырады, сондықтан жеткілікті мөлшерде су бар екеніне көз жеткізіңіз.

•  Диабетке қарсы қажетті дәрі-дәрмектер жеткілікті екеніне көз жеткізіңіз.

•  Егер бірнеше апта бойы оқшаулануыңыз керек болса, сізге не қажет екенін ойлаңыз.

• Егер жалғыз өмір сүретін болсаңыз, сізде қант диабеті бар екенін білетін сенім артуға болатын адамның бар екендігіне көз жеткізіңіз, өйткені ауырып қалсаңыз, сізге көмек қажет болуы мүмкін.

Дұрыс тамақтану мен физикалық белсенділікке назар аудару керек, сол себептен:

• гликемиялық индексі төмен тағамдарды таңдап, қуырылған тағамдарды тұтынбауға тырысыңыз;

• қант, көмірсулар мен майларға бай тағамдарды тұтынуды шектеп, майы аз белоктарды (балық, ет, жұмыртқа, сүт, бұршақ сияқты) таңдаңыз;

• жасыл жапырақты көкөністерді, жемістерді екі немесе үш порциямен жеу керек.

• Тұрақты физикалық белсенділік жалпы халық үшін, ал қант диабетімен ауыратын адамдар үшін өте пайдалы (үйде жаттығулар жасаңыз).

 Халықтың барлық топтарына кеңінен таратылатын ұсыныстар қант диабетімен ауыратындар және олармен тығыз байланыстағы адамдар үшін екі есе маңызды, сол себептен:

• қолыңызды мұқият және үнемі жуыңыз;

• кез-келген заттарды тазартып зарарсыздандырыңыз;

• жеке ыдыс-аяқ, көзілдірік, сүлгі және т.б. пайдаланыңыз;

• жөтелгенде немесе түшкіргенде ауыз бен мұрынды майлықпен жабыңыз немесе қолдың иілуін қолданыңыз;

• тыныс алу ауруы, жөтел және үйде тұмау тәрізді белгілері бар кез-келген адаммен байланыс жасамауға тырысыңыз.