Әр бекетте тепловизор құралдары адамдардың дене қызуын анықтайды
Алматы шекарасына қойылатын блокпосттарға санитария қызметкерлері де жұмылдырылады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Олар коронавирус белгілері байқалған азаматтарды уақытылы тексерістен өткізуі үшін қажет. Әр бекетте тепловизор құралдары адамдардың дене қызуын анықтайды. Күдік тудыратын симптомдар табылған жағдайда, дәрігерлер шұғыл шара қолданады.
«Мұндай азаматтар туралы бар ақпарат уақытылы жергілікті тауарлардың сапасы мен қауіпсіздігін бақылайтын департаментке жіберіледі. Мұнымен қатар олармен қатынаста болған азаматтар да бақылауға алынады», – деді қалалық Тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігі және сапаны бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел ҚАЛЫҚОВА.