Коронавирус кәріз жүйесі арқылы таралуы мүмкін – Қытай ғалымдары

02.09.2020 17:13

Зерттеу жұмысының нәтижесінде бұл теория дәлелденген

открытые источники


Қытайда коронавирустың кәріз жүйесі арқылы тарайтыны дәлелденді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Environment International журналында жарияланған материалды зерттеуге ешкім тұрмайтын пәтердің жуынатын бөлмесінде коронавирус қоздырғышының анықталуы себеп болған. Ақпан айында ғалымдар коронавирустың құбыр арқылы тарауы мүмкін екенін айтқан еді. Зерттеу жұмысының нәтижесінде бұл теория дәлелденген. Коронавирус қоздырғышы анықталған жуыну бөлмесі COVID-19 жұқтырған науқастар тұратын пәтерден жоғары үйде орналасқан. Зерттеушілер құбырдан вирустың кішкентай бөлшектер арқылы өтетініне көз жеткізу мақсатында тәжірибе жүргізген. Нәтижесінде аэрозоль бөлшектері 10 және 12 қабаттан анықталған. Ал, жалпы әлемде коронавирустан көз жұмғандар саны 857 мыңға жетті. Вирус жұқтыру оқиғасы 25 миллион 700 мыңнан асты. Америкада 188 мың адам қайтыс болып, инфекция жұқтырғандар 6 млн 257 571 адамға жетті.