Қырғызстанда 708 адамнан коронавирус анықталды

28.04.2020 17:14

Олардың қатарында екі медицина қызметкері бар

zakon.kz

Қырғызстанда коронавирус инфекциясы 708 адамнан табылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл елде 2020 жылғы 28 сәуірдегі мәліметке сәйкес, СOVID-19 вирусын тағы 13 адам жұқтырған. Олардың қатарында екі медицина қызметкері бар. Осылайша, республика бойынша вирусты жұқтырған адамдар саны 708-ге жетті, олардың 185-і – медицина маманы. Сондай-ақ, қауіпті вирустың салдарынан сегіз адам көз жұмған, ал жазылып шыққандар саны – 416.

28 сәуір күнгі таңдағы мәліметтерге сай, дүниежүзінде коронавирус инфекциясын жұқтырған 3 074 435 (тәулігіне +77 442) адам тіркелген.

Қайтыс болғандар – 211 635 (+4 619) адам,

Жазылып шыққандар – 931 276 (+50 329) адам.


Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырғандар саны 2950 адамға жетті