Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров айтты
Қалада коронавирус жұқтыру ошақтары бар. Басты міндет – инфекциялардың тізбегін бұзу, карантиндік режимді сақтау және вирустың қалада таралуына және оны басқа аймақтарға шығудың алдын алу, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров сөзінше, инфекция ошақтарын анықтау құқық қорғау органдарымен, санитарлық-эпидемиологиялық қызметпен, медициналық ұйымдармен, аудан әкімдіктерімен және Пәтер иелері коперативі күштерімен бірлесіп жүзеге асырылады. Каратинге жабылған көп қабатты үйлердің аумағында, яғни жұқтыру ошақтарында дүкендер мен дәріханалар жұмысын жалғастыра беретін болады.